«Біз соққы беруге дайынбыз»: Хаменеи Трампқа жауап берді - на politic.bugin.kz
Мирас - на politic.bugin.kz Мирас

Ирактағы толқу

Иран басшысы Әли Хаменеи Тегеранның ел мүддесіне қауіп төндіретіндерге жауап беруге дайын екенін мәлімдеді. Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иран билігін елдегі америка елшілігіне шабуыл ұйымдастырды деп айыптаған еді.  

Жақында АҚШ-тың Бағдаттағы елшілігінің алдына жиналып, шейіт полициясына қарай АҚШ әскерлерінің зымыран бағыттағанына наразылық білдірген болатын. Наразы жұрттың кейбірі елшіліктің қақпасын бұзып, ғимаратқа басып кірген еді. Бұл жайында Трамп твиттерде былай деп жазды: 

- Иран біздің кез келген мекемедегі адамдардың өміріне немесе мүліктің зиян тигізсе, толық жауап береді. Олар кұн төлейді! Бұл сақтандыру емес, ескерту. Жаңа жылыңызбен! - деп жазды ол.

1 қаңтарда Әли Хаменеи мәлімдеме жасап, онда егер Иран сын-қатерді қабылдап, соғысқысы келсе, мұны батыл түрде жасайтын болады деп атап өтті.

- Біз соғысқа ұмтылмаймыз, бірақ біз парсы ұлтының мүддесін, қадір-қасиетін және даңқын қатаң қорғаймыз. Егер біреу бізге қауіп төндірсе, біз оған қарсы тұра аламыз, - деді ол.

0 Пікір Кіру