АҚШ мемхатшысы Помпео Қазақстанға қандай мақсатпен келе жатыр? - на politic.bugin.kz
Күлтегін АСПАНҰЛЫ - на politic.bugin.kz Күлтегін АСПАНҰЛЫ

Жаңа мақсат

2020 жылдың 5 қаңтары АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қаазақстанға келмек. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі twitter желісіндегі ресми парақшасында хабарлағандай, «америкалық хатшы мемлекеттік жұмыс сапары барысында Қазақстан астанасында ел басшылығымен кездеседі».

Бұған дейін сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді айтқандай, АҚШ-тың мемхатшысы Қазақстанда алғаш рет АҚШ-тың Орталық Азия жөніндегі стратегиясын таныстыратынын айтқан. Сондай-ақ биыл желтоқсанның басында ведомство басшысы АҚШ мемхатшысының шақыруымен құрама штаттарға барып-қайтқан болатын.  

Кеше Помпео өзінің twitter желісіндегі ресми парақшасында «Алдағы жылы АҚШ-тың Еуропа мен Оңтүстік Орталық Азиядағы басымдықтарын бекітуге және әріптестермен кездесуге Украина, Беларусь, Қазақстан, Өзбекстан және Кипрге іссапарға барамын» деген.

Мемлекеттік хатшы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевпен және Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездеседі. АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің сайтында көрсетілген ақпарат бойынша, «АҚШ пен Қазақстанның Орталық Азиядағы бейбітшілік, өркендеу және қауіпсіздік жөніндегі ортақ міндеттемелерін растау және инвестициялар, экономикалық реформалар және адам құқықтары бойынша екіжақты пікірталастар өткізіледі».

АҚШ пен Қазақстанның жоғары лауазымды шенеуніктерінің байланысына шамамен 30 жылға жуықтады. 1992 жылы Қазақстанның тұңғыш президенті АҚШ-қа ресми сапармен барып, сол кездегі президент Джордж Бушпен кездескен. Назарбаевтың АҚШ-қа сапары 1994, 1997, 1999 жылдары (Билл Клинтонмен кездесу), 2001 жылғы желтоқсанда, 2006 жылғы қыркүйекте (Джордж В. Бушпен), 2018 жылдың қаңтарында (Дональд Трамппен) қайталанды. Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің президенттігінің бірінші жылында АҚШ-қа ресми сапармен барды.

0 Пікір Кіру