Путин Трампқа алғыс айтты - на politic.bugin.kz
Orash - на politic.bugin.kz Orash

Лаңкестік шабуылдардың алдын алғаны үшін

Ресей президенті Владимир Путин терроризмнің алдын алуға көмектесіп, барлау қызметінің деректерін бергені үшін АҚШ президенті Дональд Трампқа алғыс білдірді. Бұл туралы «BBC News» хабарлады.

Бұған дейін орыс БАҚ-тары Санкт-Петербург қаласында лаңкестік ұйымдастырмақ болғандардың қолға түскенін хабарлаған болатын. Алайда лаңкестік шабуылдың жай-жапсары айтыла қоймаған еді. Тек екі ресей азаматының ғана ұсталғаны анық еді. 

Кейін жексенбі күні Путин әріптесі Трампқа телефонмен хабарласып алғыс айтқаны әрі АҚШ-тың барлау қызметі лаңкестік болуы мүмкін деген желеумен орыстарға мәліметтер бергені белгілі болды. 

0 Пікір Кіру