Ұшақ апаты: президент қаза болғандардың отбасына 4 млн теңгеден беруді тапсырды - на politic.bugin.kz
Жандарбек Жумагулов - на politic.bugin.kz Жандарбек Жумагулов

Қасым-Жомарт Тоқаев қаза болған азаматтардың отбасы мен жақындарына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Алматы маңындағы ұшақ апатына байланысты кеңес өткізді, деп хабарлайды Ақорда.

«Ақорда» резиденциясында Премьер-Министрдің, Президент Әкімшілігі басшылығының, Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының, Бас прокурордың, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының, Ішкі істер, Ақпарат және қоғамдық даму, Денсаулық сақтау министрлерінің қатысуымен Алматы әуежайы маңындағы жолаушылар ұшағының апатына байланысты шұғыл кеңес өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан қаза болған азаматтардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтты. Жиынға қатысушылар қайтыс болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминнің, Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовтің, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың және Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың есептерін тыңдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Алматы қаласы мен Алматы облысы әкімдіктерімен бірлесіп қаза болған азаматтардың отбасыларына 4 миллион теңге көлемінде материалдық көмек көрсетуді тапсырды. Қайтыс болғандардың жақындарына жан-жақты психологиялық және медициналық қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар зардап шеккендердің барлығына қажетті көмек беріледі.

28 желтоқсанды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған Президент еліміздегі мемлекеттік туларды төмен түсіруге және барлық ойын-сауық шараларын тоқтатуға тапсырма берді.


0 Пікір Кіру