Алматыда Bek Air ұшағы апатқа ұшырады - на politic.bugin.kz
Жандарбек Жумагулов - на politic.bugin.kz Жандарбек Жумагулов

Fokker-100 ұшақтарына ұшу рейстері тоқтатылды

Бүгін таңда Алматыдан елордаға ұшып шыққан Bek Air ұшағы биіктік жоғалтып, әуежайдан ұшып шыққан бетте құлады, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасыәуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Анықталған мәлімет бойынша ұшақтың құлау салдарынан 14 адам қаза болған. Ұшақ Талғар ауданының Әлмерек ауылына құлаған. Таңғы 7:43-те 103 пультіне қоңырау түскен, Алматы облыстық (Талғар және Іле ауданы) 16 жедел жәрдем бригадалары жөнелтілген Талғар ауданынан 5 бригада, Іле ауданынан – 6 бригада, Боралдай – 2 бригада және Еңбекші қазақ ауданынан 3 бригада.

Алматыда 35 бригада жұмылдырылған. Екі нейрохирургиялық бригада жіберілген. Әуе апатынан кейін, Fokker-100 ұшақтарына ұшу рейстері тоқтатылды.

0 Пікір Кіру