Тәжік президенті: Мешіт салуды тоқтатыңдар! - на politic.bugin.kz
Кана Байузаков - на politic.bugin.kz Кана Байузаков

Ел президенті жаппай мешіт салуды тоқтатуды бұйырды

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмони соңғы уақытта хашара (тегін) әдісі бойынша, елде 5 мыңдай мешіт салынғанын айтып, жомарттық жасаушыларға енді мектеп, аурухана салуға кеңес берді. 

- Биыл 130-дан астам жаңа мектеп салынды. Бірақ оқушыларға орын әлі жетпей жатыр. Келесі жылы тағы 180 жаңа мектепті іске қосамыз, - дейді ел президенті.  

Айта кетейік, Тәжікстанда 4 мыңға жуық білім ошағы бар. Яғни, мешіт саны мектептің санынан көп екендігін білдіреді. 

Сонымен қатар президент білім сапасының төмендеп бара жатқанына алаңдап, әрбір тәжік азаматы жылына 5 кітап оқуы қажет екендігін алға тартты. 

0 Пікір Кіру