Ең төменгі күнкөріс: Елімізде кедей адамдардың саны өсті - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Қазақстанда кедей адамдардың саны ұлғайды

2019 жылдың III тоқсанында 843 мың қазақстандықтың табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен (31,1 мың теңге) төмен болды.

Бұл елдегі жалпы халықтың 4,5%-ына тең. 2019 жылдың I тоқсанының ұқсас көрсеткішімен салыстырғанда (761,4 мың адам) өсім 10,7%-ды құрады.

Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен адамдардың көпшілігі Түркістан облысында тұрады — жалпы санның 25,8%-дан астамы (217,9 мың адам). Бұл өңір халқының 10,8%-ы.

Екінші орында — ШҚО. Бұл аймақта халықтың 6,6%-ының табысы ең төменгі себеттен кем (90 мың адам).

Ал Алматы облысында 64,5 мың адам, Жамбыл облысында – 60,1 мың адам, Алматыда – 48,9 мың адам ең төменгі күнкөріс табысынан аз ақша табады.

Еліміздегі табысы төмен адамдардың ең аз бөлігі Нұр-Сұлтанда (20,2 мың адам) және Атырау облысында (15,1 мың адам) тұрады.

7kun.kz

0 Пікір Кіру