Ирандағы наразылық: 1500-ге жуық адам қаза тапты - на politic.bugin.kz
Plumeria - на politic.bugin.kz Plumeria

Наразылықты тоқтату үшін шектен шыққан шараларға да баруы мүмкін билік

Қарашада өткен екі апталық жаппай наразылық акциясында Иранда 1500-ге жуық адам қаза тапты. Бұл туралы Reuters Иранның ішкі істер министрлігіндегі үш дереккөзге сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттік дереккөздердің хабарлауынша, бірнеше күннен кейін Иранның жоғарғы басшысы Аятолла Әли Хаменеи құқық қорғау органдары мен шенеуніктерге «наразылыққа қатысушыларды тоқтату үшін барлық мүмкіндіктерді жасаңдар» деген бұйрық берген көрінеді.

Қаза болғандардың арасында, кем дегенде, 17 жасөспірім мен 400-ге жуық әйел, сондай-ақ бірнеше арнайы қызмет пен полиция қызметкерлері бар.

Дереккөздердің хабарлауынша, қаза болғандар туралы ақпарат құқық қорғау органдарының, мәйітханалар мен ауруханалардың мәліметтеріне негізделген.

Reuters-те бұл сан Amnesty International  (қаза тапқандар – 304 адам) және АҚШ Мемлекеттік департаментінің (қаза тапқандар – 1000 адам) бағалауынан әлдеқайда көп екендігін алға тартады.

Иранның Ұлттық қауіпсіздік кеңесі 1500 адамның өлтірілгендігі туралы ақпаратты «өтірік жаңалық» деп атады.

16 қарашада Иранда бензин бағасының күрт көтерілуінен кейін жаппай наразылықтар басталған болатын.

Бұл туралы өте аз ғана мәліметтер белгілі, өйткені ел билігі интернетті бұғаттап тастаған.


0 Пікір Кіру