Ирак Ираннан импортталатын 9 миллиард долларлық тауарға бойкот жариялады - на politic.bugin.kz
Orash - на politic.bugin.kz Orash

Наразылық білдірушілер Иранның өнімдері «шіріп кетсін» деп ұрандады

Ирактың наразылық білдірушілері Иранның Ирак саяси жүйесіне бақылауын әлсіретуге арналған жаңа қаруды іске қосты. Атап айтқанда, дүкендер мен базарларда Иран өнімдеріне бойкот жариялады, деп хабарлады «ARAB NEWS» ақпараттық агенттігі.

Әсіресе, Ирақ жастары Ираннан әкелінетін жемістер мен көкөністерден тартып ірімшік пен йогуртқа дейін «шіріп кетсін» деп ұрандатып, ол өнімдерді сатып алудан бас тартуда.

Оның орнына Иракта жасалған тауарларды сатып алуда. 

- Бұл ирак азаматтарына жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді және ақшамыздың елде қалатындығын білдіреді, біз өзіміздің ұлттық өндірісті қолдауымыз керек, - деді 24 жасар наразылық білдіруші Хатем Карим.

Деректерге сәйкес, Иран жыл сайын Иракқа 9 миллиард долларлық өнім экспорттайды, бұл қарама-қарсы бағыттағы саудадан 10 есе көп. "Байкоттың сәтті болуы АҚШ-тың санкцияларынан зардап шегіп отырған Иран экономикасына айтарлықтай соққы болар еді" деп жазды басылым.

1 қазаннан бастап Иракта жаппай наразылық шерулері басталды, онда наразылық білдірушілер ирандықтардың араласуын тоқтатып, оларды кедейлікке ұшырататын сыбайлас саяси жүйені реформалауды талап етті.

Ирак парламенті сейсенбіде сайлауды жаңа әдіспен өткізу үшін жаңа сайлау заңын қабылдады. Бірақ саяси қиындықтар уақытша үкімет басшыларын сайлауға кедергі келтіріп, тағы да халық наразы болуы мүмкін деген жорамал бар. 


0 Пікір Кіру