Путин Польша елшісі туралы: «Нағыз оңбаған, антисемитизмді жақтаушы шошқа» - на politic.bugin.kz
Асхат Қасенғали - на politic.bugin.kz Асхат Қасенғали

Путиннің сөзі дауға айналды

Ресей президенті Владимир Путин Польшаның Германиядағы елшісі болған Юзеф Липскті 1940 жылдары Германияның еврейлерді қыру саясатын қолдап, неміс басқыншыларына ескерткіш орнатпақ болғанын атап өтіп, оны "нағыз оңбаған, антисемитизмді жақтаушы шошқаның өзі" деп атады.  


- Оңбаған, антисемитизмді жақтаушы шошқа, басқаша айту мүмкін емес оны. Ол толықтай Гитлердің еврейлерді қыру саясатын қолдаған. Сонымен қатар еврейлерді қырғаны үшін Варшавада ескерткіш орнатамын деп Гитлерге уәде берген еді, - деді Путин Қорғаныс министрлігінің арнайы басқосуында.  

Путин Польша елшісінің еврейлерді Африкаға жер аудару идеясын қолдағанын айтып, тарихи шындыққа шақырды. 

- Бүгінгі таңда Еуропа екінші дүниежүзілік соғыс тарихын бұрмалап жатыр, біз оған жол бермейміз, - деп аяқтады Путин өз сөзін. 

0 Пікір Кіру