Прокурор: 20 қытайды соққыға жыққан 5 қызылағаштық ертең босатылады - на politic.bugin.kz
Күлтегін АСПАНҰЛЫ - на politic.bugin.kz Күлтегін АСПАНҰЛЫ

Арнайы жасақ қатысқан соттан

Алматы облысында «қытайларды таяққа жықты» деп айыпталған Қызылағаш ауылының бес азаматы прокурормен процессуалды келісім жасамақ. 5 жігіттің адвокаты Жанар Балғабаева Азаттыққа берген сұқбатында:

– Бүгін сот процесін ықшамдалған күйде өткізу немесе процессуалдық келісім жасасу туралы өтініш бергенбіз. Қазір прокурормен процессуалдық келісім жасасамыз. Ол бойынша жігіттерге екі жылға бас бостандығын шектеу жазасы қарастырылған, – деді.

Балғабаевның сөзінше, бұл процес 25 желтоқсан сағат 15:00-де қаралмақ. Қорғаушының куәлік сөзіне қарағанда, көп жұрт қатысқан сот отырысының үзіліс кезінде «қатты ажиотаж» болып, «арнайы жасақ өкілдері келген».

– Халық не болғанын түсінбеді. Толқу басталды. Прокурор ертең бас бостандығы шектелгеннен кейін азаматтар бостандыққа шығады деп айтқаннан кейін ғана халық тынышталды, – деді ол.

Сотқа істе «жәбірленуші» ретінде танылған қытай жұмысшылары келмеген. Оқиға куәгерлерінің сөзінше, прокурор «бес жігітті ертең босатуға уәде берген».

Биыл 8 қазанда Қызылағаш ауылының бес азаматы бір топ қытай жабылған төбелесінен зардап шеккен қазақтың есесін қайтармақ ниетпен Қытайдың жиырма шақты азаматын соққыға жығып, оның 11-і жеңіл, үшеуі орта деңгейде жараланған. Бір қызығы, қытай азаматтары еліне қайтарылып, бес қызылағаштыққа қатысты Қылмыстық кодекстің «қару немесе суық қару қолданып денсаулыққа зиян келтіру» (293-бап) бабымен іс қозғалған.

Аталған оқиға себепкері бес қызылағаштықты Жаңаөзен қаласының тұрғындары қолдайтынын жариялады.

0 Пікір Кіру