«Қазатомөнеркәсіп» компаниясы қандай құқық бұзушылыққа барды? - на politic.bugin.kz
Күлтегін АСПАНҰЛЫ - на politic.bugin.kz Күлтегін АСПАНҰЛЫ

Уран өндіруші кәсіпорын

Табиғи уранның ірі өндірушісі «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабар бойынша, тексеріс нәтижесінде анықталған құқық бұзушылықты жою туралы ұйғарым жасалған. Сәйкесінше, құзырлы органдар «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның үстінен әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде іс қозғап, әкімшілік жаза тағайындаған.

- ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті уран экспорты мен импорты бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық операторы мәртебесіне ие «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ға қатысты атом энергиясын пайдалану саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізді. Тексеру барысында табиғи уранды жөнелту, персоналды оқыту және физикалық қорғау жоспарының болуы кезінде уәкілетті органды уақтылы хабардар етпеу бөлігінде атом энергиясын пайдалану саласындағы нормативтік-құқықтық актілер талаптарының бұзылуы анықталды, – делінген ведомство хабарламасында.

Әсілінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – уран, сирек металдар, атом электр станцияларына арналған ядролық отын импорты мен экспорты бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық операторы. 2009 жылдан бері Қазақстан табиғи уран өндіру бойынша әлемдік көшбасшы.

Ұлттық атом компаниясының активтері геологиялық барлау, уран өндіру, ядролық отын циклының өнімдерін өндіруден бастап, ғылым, әлеуметтік қамтамасыз ету және маман даярлауға дейінгі түпкі өнім өндіру тізбегіне қатысатын кәсіпорындар кешенін қамтиды. Бірақ 21 мың адамды қызметпен қамтып отырған компания өндірісінің 100%-ы шетелге экспортталады. Әлемдік уран өндірісіндегі компания үлесі 23%. Былтыр компанияға өнім сатудан және қызмет көрсетуден 436 632 миллион теңге табыс түскен.


0 Пікір Кіру