Сирияның Идлиб аймағынан 80 мың мигрант Түркияға бет алды - на politic.bugin.kz
Orash - на politic.bugin.kz Orash

Ердоған "Түркия бұл көші-қонның ауыртпалығын жалғыз өзі көтермейді" деп отыр

Сирияның солтүстік-батысындағы Идлиб провинциясындағы 80 мыңнан астам мигрант ел шекарасына, яғни 3,6 миллионнан астам сирия жұрты тұратын жерге қарай көше бастады деп мәлімдеді Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған жексенбіде. Бұл туралы Түркияның «Ahval News» ақпараттық агенттігі хабарлады.

Хабарға сәйкес, Ердоған "Түркия бұл көші-қонның ауыртпалығын жалғыз көтермейді" деп мәлімдеме жасаған.

Өткен жылы Анкара мен Мәскеу Сирияның көтерілісшілері басқаратын соңғы анклав - Идлибте босқын аймағын құруға келісіп, ол жерге елдің басқа аймақтарынан қашқан жүздеген мың адамды көшіріп әкелген болатын. 

Келісімге қол қойылғаннан бері бұл аймақта 1300-ден астам бейбіт тұрғын қаза тапқан.

Түркия Ресеймен бірге Идлибтегі шабуылдарды тоқтату үшін бар күшін салуда. Ердоған дүйсенбі күні Анкара Мәскеуге осы мәселені талқылау үшін бір делегация жіберетінін айтты.

- Біз талқы нәтижесіне сәйкес қандай қадамдар жасайтынымызды анықтаймыз, - деді Түркия президенті.


0 Пікір Кіру