38 мың: Алматыда жаңа жұмыс орындары ашылуы мүмкін - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Облыста 38 мыңнан аса жұмыс орны ашылуы мүмкін

Алматы облысында 2026 жылға дейін 38 мыңнан астам жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы облыстық индустрия және инфрақұрылымды дамыту басқармасында хабарлады.

Ведомствода 2019 жылдың қорытындысы бойынша облыста 277 жобаның (1,9 трлн теңге, 20 мыңнан астам жұмыс орны) инвестициялық жобаларының тізбесі қалыптастырылғаны түсіндірілді.

Сонымен қатар өңірде қазіргі кезде 2,9 трлн теңгеге 144 жоба пысықталып жатыр. Соның ішінде қаржыландыру іздестіріліп, қажетті құжаттар әзірленіп жатыр. Жаңа өндірістер легі 2019-2026 жылдары іске қосылады деген жоспар бар.

Олардың айтуынша, жобаларды агроөнеркәсіп кешені, тамақ және жеңіл өнеркәсіп, баламалы энергия көздерін пайдалану, туризм сияқты салаларда жүзеге асыруды көздеп отыр.

Ведомствода Қазақстанда трансұлттық компаниялардың қатысуымен іске асырылып жатқан 16 жобаның тоғызы Алматы облысын таңдады: «Лукойл» (Ресей), Phoenix Global DMCC (БАӘ), Mareven (Кипр), Wilo (Германия), Baumann Gmbh & Co.Kg (Германия), Farm Frites (Нидерланды), Inalca S.P. A (Италия), Nemish Pharma (Үндістан) делінген. Оларды іске асыру нәтижелері бойынша 1,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылып, 141,2 млрд теңгеден астам инвестициялар тартылады деп күтіледі дейді ведомствода.

0 Пікір Кіру