Қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы сотталып кетті - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Әскери шенеунікке қандай жаза тағайындалды?

Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы алаяқтық үшін сотталды.

Еліміздегі сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметінің мәліметінше, Жамбыл облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі шекті жасына жетуіне байланысты әскери билет пен әскери есепте болу туралы анықтама беруге көмектескені үшін азаматтың қаражатын алдау және сенімін теріс пайдалану арқылы иемденгені үшін күдікті деп танылған Т.Рысқұлов ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы, майор К. Д. Мингбаевқа қатысты тергеуді аяқтады. Ағымдағы жылдың 20 желтоқсанында Шымкент гарнизоны әскери сотының үкімімен К.Д. Мингбаев алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 350 мың теңге көлемінде айыппұл салынды және мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан, сонымен қатар, майор әскери атағынан айыру жазасы тағайындалды.

0 Пікір Кіру