ЕАЭО: Қазақстандықтар жаңа зейнетақы ала алады - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Қазақстандықтар ЕАЭО елдерінен зейнетақы алады

Еуразиялық экономикалық одақ елдері зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімге қол қойды. Бұл ақпарат жайында ЕЭК-те жариялады.

ЕЭК-те Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері 2019 жылы 20 желтоқсанда Санкт-Петербургте зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімге қол қойды делінген. Ол күшіне енгеннен кейін Одақ еңбекшілері өз Отанында жұмыс істеген кезеңдер үшін ғана емес, сонымен қатар ЕАЭО-ның басқа елдерінде жұмыс істеген кезеңдер үшін де зейнетақы алатын болады. Әр мемлекет өз заңдары бойынша зейнетақы төлейтін болады. Келісіммен ол бөлінетін және экспортталатын зейнетақы түрлері анықталған.

Комиссия осы жоба бойынша 2014 жылдан бастап жұмыс істеп келеді.

Сонымен қатар аталмыш комиссия осы уақытқа дейін Одақ елдерінің зейнетақы жүйелеріндегі айырмашылықтарға тоқталды. Соның ішінде еңбек мигранттарының зейнетақы құқықтары барлық елдерде қалыптаспағанын айтып өтті.

0 Пікір Кіру