Түркиямен келісім: Тоқаев тағы бір заңға қол қойды - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Қазақстан мен Түркия

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының үкіметі мен Түркия Республикасының үкіметі арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" заңға қол қойды.  

Құжатқа қол қойылғаны туралы мемлекет басшысының ресми сайтында хабарланды.     

Келісімге қол қоюдың негізгі мақсаты ұзақ мерзімді әскери ынтымақтастықты нығайтып, дамыту екені айтылды, ол тең құқықты ғана емес, сонымен бірге өзара тиімді болмақ.

Қазақстан Республикасының парламенті ынтымақтастық бітімгершілік операцияларын жүргізу, әскери дайындық, оқу-жаттығулардан өту, қорғаныс өнеркәсібі және тағы басқа салаларды қамтитынын атап өтті.

Келісімді іске асыру Қазақстан мен Түркия арасындағы әскери ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, дамытады деп болжанып отыр.

0 Пікір Кіру