Боливия Лима тобының құрамына енді - на politic.bugin.kz
Plumeria - на politic.bugin.kz Plumeria

Венесуэлаға көмектеспек

Боливияның Уақытша үкіметі Венесуэла дағдарысын реттеуге көмек көрсету үшін Лима тобына қосылуға шешім қабылдады. Бұл туралы республиканың сыртқы істер министрлігі 22 желтоқсан күні хабарлады.

- Боливия Лима тобына кіргені туралы хабарлайды. Венесуэладағы дағдарысты бейбіт және демократиялық жағынан шешілуі үшін Боливия осындай қадамға барып отыр, - делінген ведомство хабарламасында.

Лима тобы 2017 жылы 8 тамызда Перу астанасында құрылды, онда Президент Николас Мадуроның бастамасымен референдумсыз шақырылған 12 елдің өкілі (Аргентина, Бразилия, Гватемала, Гондурас, Канада, Колумбия, Коста-Рика, Мексика, Панама, Парагвай, Перу және Чили) Венесуэла Конституциялық Ассамблеяссын мойындамау туралы бірлескен декларацияға қол қойды.

Кейін топқа Гайана мен Сент-Люсия қосылды.

Боливия бұл ұйымға мүше болған емес. Бұрынғы президент Эво Моралес Мадуроны жақтайтын. Ал Моралес биліктен кеткеннен кейін Боливия да аталмыш топқа енуге бел буған көрінеді. 


0 Пікір Кіру