Иманғали Тасмағамбетовтің анасы қайтыс болды - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Жазушы жан

Қазақстанның Ресейдегі бұрынғы елшісі, белді саяси қайраткер Иманғали Тасмағамбетовтің 89 жастағы анасы Ділда Қоқанова қайтыс болды. Мұны Қазақстанның Ресейдегі елшілігі хабарлады.

- Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің барша ұжымы Иманғали Нұрғалиұлының анасы, атақты қазақ педагогы, жазушысы – Ділдә Матайқызының өмірден озуына орай орны толмас қайғыңызға ортақтасып, көңіл айтамыз, - делінген елшілік хабарламасында.

Ділда апа үлкен жүректі, кең парасатты, ұлтжанды, ақ жарқын жан болатын. Ол өзінің адамгершілігі мен қарпайым мінезі, зор шығармашылық ой-өрісі мен қайраткерлігінің арқасында көпшіліктің көңілінен шығып, ел-жұртының үлкен ілтипатына бөленді. Оның өмір жолы мен шығармашылық еңбегі бүгінгі және келешек жастар үшін өнегелі де өрісті жол.

Біз Ділдә Матайқызын әрқашан жоғары иманды, мәдениетті, қол ұшын созуға дайын және адамгершілігі зор адам ретінде есте сақтаймыз.

Айта кеткеніміз жөн, жақында Иманғали Тасмағамбетов зейнет жасына жетуіне байланысты Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметінен босатылған болатын. 

0 Пікір Кіру