АҚШ конгресі каникулға кетеді, импичмент мәселесі кейінге қалады - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

АҚШ импичмент мәселесі

АҚШ Президент Дональд Трампқа импичмент жариялау мәселесі әлі шешімін таппады. Алайда Конгресстің каникулға кететіні белгілі болды. Бұл туралы Associated Press хабарлады.

Қазіргі кезде импичменттің қалай жалғасатыны, қашан қаралатыны, Сенатта кімнің куәгер ретінде сөйлейтіні белгісіз.

Демократтар ағымдағы жылдың 24–қыркүйегінде Трампқа сенімсіздік білдіріп, мәселе көтерген еді. Оған Трамптың 25–шілдеде Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесуі негізгі себеп болды. Ол кезде АҚШ Президенті Украина президентінен экс-вице-президент Джо Байден мен ұлы Хантерге қатысты тергеу бастауды сұрады. Сондай-ақ ол 2016 жылы АҚШ-тағы сайлауға Украина аумағынан ықпал ету мүмкіндігі мәселесін де ескеруді сұраған.

0 Пікір Кіру