Ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың мәселесі қалай шешіледі? - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Тоқаев мәлімдеме жасады

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға кешенді әлеуметтік патронаттық қолдауды күшейту керек. Бұл туралы бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 2-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Еңбек етуге ынталандырудың жаңа тәсілдеріне мән беріліп, атаулы әлеуметтік көмекті асыра пайдалану барынша азаяды. Сонымен қатар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға кешенді әлеуметтік патронаттық қолдауды күшейту керек деп санаймын. Білім алуға, жұмысқа орналасуға, тұрғын үй мәселесін шешуге арналған негізгі талаптар баршаға түсінікті болуы қажет», - деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында бұл мәселелерді шешуге бизнес өкілдері мен мемлекеттік компанияларды тарту қолға алынғанын атап өтті.

«Осы тәжірибені басқа да өңірлерге тарату керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

inform.kz

0 Пікір Кіру