Путин: Орталық Азияға Ресей білім жүйесін енгізу қажет - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Осы кезде адамдар өздерін жайлы сезінеді. Қазіргідей жайсыздық болмайды

Ресей президенті Владимир Путин Орталық Азия елдеріне Ресей білім жүйесін енгізу қажеттігін айтты.

Путиннің сөзінше, орыс мәдениеті мен дәстүрін білетін және сыйлайтын украин, беларусь, молдавандарға Ресейде бейімделу оңай. Ал Орталық Азия елдерінің өкілдеріне бұл өте қиын. Сол себепті аймаққа Ресей білім жүйесін енгізіп, орыс тілі курстарын көптеп ашу қажет.

«Орыс өмір салтына оның мәдениеті мен дәстүрін білетін және сыйлайтын украин, беларусь, молдавандарға бейімделу оңай. Бізде қазір 3 миллион украиндық өмір сүреді. Донбастағы қайғылы жағдайдан кейін дәл осынша адам көшіп келді. Ресейде Орталық Азия елдері халықтарына бейімделу өте ауыр. Сол себепті біз сол жаққа өз білім жүйемізді енгізуіміз қажет. Орыс тілі курстарын, мектептерін, университет бөлімшелерін ашуымыз керек. Осы кезде адамдар өздерін жайлы сезінеді. Қазіргідей жайсыздық болмайды», - деді Ресей басшысы.

0 Пікір Кіру