Ең алдымен қарапайым азаматтардың мұң-мұқтажын басшылыққа алуымыз керек – Тоқаев - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Ұлттық қоғам

Халықтан жоғары және халықтан биік тұрған ешкім де, ештеңе де жоқ. Бұл туралы бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жария еттім. Мұны жақсы білесіздер. Біз өз қызметімізде ең алдымен қарапайым азаматтардың сұранысы мен мұң-мұқтажын басшылыққа алуымыз керек. Халықтан жоғары және халықтан биік тұрған ешкім де, ештеңе де жоқ», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті Ұлттық кеңес бірінші кезекте қоғамдық диалог пен сенім алаңы ретінде құрылғанын атап өтті.

«Біз осы сенімді ақтауға тиіспіз. Әрине, азаматтарды алаңдатқан түйткілді мәселенің бәрін біреше айдың ішінде шешіп тастау мүмкін емес. Дегенмен бірқатар мәселе бойынша алға ілгерілеп, шұғыл шешімдер қолдандық. Жұмыс жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Оның қарқынын бәсеңдетпейміз», - деді Мемлекет басшысы көктейтесті мәселенің бірі жер және оның тиімді пайдалануға қатысты болып отырғандығын да баса айтты.

«Жақында Ақмола облысына жасаған сапарымда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді тиімсіз пайдалану жайына назар аудардым. Бұл бағытта менің ұстанымым бекем: жерді игере алатын адам ғана оның иесі болуға лайық», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

inform.kz

0 Пікір Кіру