Иманғали Тасмағамбетовтің орнына кім келеді? - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Ресейге кім Елші болады

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Иманғали Тасмағамбетовтың қызметінен кетуіне байланысты пікір білдірді.

Үкімет отырысынан кейін министр БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берді. Ол Иманғали Тасмағамбетов кеткеннен кейін оның қызметін уақытша кім атқаратыны туралы сөз қозғады.

Мұхтар Тілеуберді арнайы бұйрыққа қол қойған. Оның айтуына қарағанда, Нұржан Қажиақбаровтың Елшіліктегі екінші адам екеніне байланысты оған Ресейдегі Қазақстанның уақытша сенімді өкілі міндеті жүктелген. Нұржан Қажиақбаровтың жаңа Елші тағайындалғанға дейін өз міндетін атқаратыны белгілі болды.  

Министр Иманғали Тасмағамбетовтің зейнет жасына жетуіне байланысты өз еркімен жұмыстан шыққанын айтты.

0 Пікір Кіру