Лицензиясынан айырылған ЖОО-лар: Білім және ғылым министрі жауап берді - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Лицензиясынан айырылған ЖОО-лардың тағдырының не болатыны белгілі болды

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов лицензиясы тоқтатылған 5 жоғары оқу орнының бұдан әрі жағдайының қалай болатындығын айтты.

Министр Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында 5 жоғары оқу орнының лицензиясын тоқтатқанын айтты. Сонымен қатар ол лицензиядан айыру үшін бір ЖОО бойынша құжаттарды сотқа жібергендігі туралы да ақпарат берді. Оның айтуынша, лицензиядан толықтай айыру үшін тағы да бірнеше ЖОО бойынша құжаттар дайындалды. Тоқтату - бұл уақытша шара. Заңға сәйкес тексеру жұмыстары кезінде бұзушылықтар табылса, онда тоқтатудың заңдылық екенін айтты. Егер тоқтатқаннан кейін тағы бір рет сол бұзушылықтардың жойылмағандығы анықталса, министрліктің басқа шешім қабылдауға көшетіні белгілі болды.

Асхат Аймағамбетовтың айтуына қарағанда, бір университетті жабу туралы сотқа жүгінгеннен кейін бірнеше университет оларға хабарласып, бірігуге ниеттері бар екендіктерін хабарлаған. Бұл мәселе қарастырылған. Оның айтуынша, ЖОО-лар өз еріктерімен және дербес бірігулері қажет. Мұның мультипликативті әсері бар. Біріккеннен кейін нақты бір әсерге қол жеткізіледі.

Сонымен қатар ол бірнеше университеттер колледжге, институтқа, академияға айналуы керек екенін айтып кетті.

Ол жалпы лицензия беретін өкілетті орган ретінде Білім және ғылым министрлігіне сотқа жүгінбестен сол лицензияны қайтарып алу туралы шешім қабылдауға мүмкіндік беретін норма қабылданады деп үміттенетінін дн айтты.

0 Пікір Кіру