57 млн: Ғылым қорының экс-басшысына айыппұл салынды - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Әнуарбек Сұлтанғазинге 57 млн теңге айыппұл салды

ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым қорының бұрынғы төрағасы Әнуарбек Сұлтанғазин жемқорлық үшін сотталды. Бұл туралы елдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі хабарлайды.

Хабарламада бұған дейін ҚР БҒМ «Ғылым қоры» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Ә.Ж.Сұлтанғазин сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуде болған делінген.

18 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотының үкімімен Ә.Сұлтанғазин кінәлі деп танылды. Оған 57 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сонымен қатар Әнуарбек Сұлтанғазин өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан да айырылды.

Ол Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры А.Т.Едрисовтың ҚР білім және ғылым министрінің жеке қабылдауын ұйымдастырғаны үшін 5 мың доллар көлемінде пара алды деген күдікке алынған.

0 Пікір Кіру