Мемлекет басшысы Мәдина Әбілқасымованы жаңа қызметке тағайындады - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Жарлық

Мемлекет басшысы Мәдина Әбілқасымованы жаңа қызметке тағайындады.

"Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы болып тағайындалсын", - деп жазылған жарлықта. 

Мәдина Әбілқасымова туралы не білеміз?

Мәдина Әбілқасымова 1978 жылы 1 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген.

1999 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "халықаралық экономикалық қатынастар" мамандығы, 2003 жылы Колумбия университетінің магистратурасын "экономикалық саясатты басқару" мамандығы бойынша, ал 2011 жылы Гарвард университетінің Кеннеди атындағы мемлекеттік басқару мектебін (мемлекеттік басқару магистрі) тәмамдаған.

Еңбек жолын 1999 жылы Стратегиялық жоспарлау агенттігінің бас маманы ретінде бастады. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі стратегиялық жоспарлау басқармасының басшысы, ҚР премьер-министрі кеңсесі әлеуметтік-экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары, экономикалық даму және сауда вице-министрі, экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі ұлттық экономика вице-министрі және еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарды. 

2019 жылдың 28 наурызынан бастап Әбілқасымова Ұлттық банк төрағасының орынбасары болды.

0 Пікір Кіру