Ресми ақпарат: АҚШ пен Израиль ЮНЕСКО құрамынан шықты  - на politic.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на politic.bugin.kz Марғұлан Ақан

Әлем жаңалықтары

АҚШ пен Израиль ресми түрде ЮНЕСКО құрамынан шықты. Бұл туралы cdn.news хабарлады. 

Енді қос мемлекет те ЮНЕСКО-ға жарна төлемейді және ұйым комитетіне сайлана алмайды. Бірақ, бұл серіктестікке нүкте қойылды деген сөз емес. АҚШ ұйымда тұрақты бақылаушы ретінде қалуды жоспарлап отыр. 2011 жылдан ЮНЕСКО құрамына Палестина автономиясы қабылданғаннан бастап АҚШ пен Израиль ұйымның бұл әрекетіне түбегейлі қарсылық білдірген. Ресми Уашингтон ЮНЕСКО-ны «Израильге қарсы бағыт ұстанады» деп айыптап, 2017 жылы ұйым құрамынан шығатынын жариялаған болатын. Ал Израиль ЮНЕСКО Палестинаны қолдаушы деп бірнеше мәрте айып тақты. 

1945 жылдан бері жұмыс істейтін ЮНЕСКО – БҰҰ-ның білім ғылым, мәдениет және білім беру саласын қадағалайтын ұйым. 

Дереккөз: The Qazaq Times

0 Пікір Кіру