Уәлиханов ауданының әкімі Медет Дулатұлының назарына! - на politic.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на politic.bugin.kz Марғұлан Ақан

Солтүстік Қазақстан облысы

Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданындағы Кішкенекөл ауылының тұрғыны Арықбаева Әсемгүл есімді азаматтың алты бірдей баласымен әкімшілік тарапынан жатақханадан шығарылғаны туралы жазған болатынбыз.

Кеше ғана Facebook әлеуметтік желісіндегі «Акимат Уалихановский Район» атты парақшада орыс тілінде түсінік берген постпен бірге Әсемгүл Арықбаеваның видеосы жарық көрді.

Видеодан азаматтың өз еркіммен шыққаны, ешкім оны қинамағаны туралы айтылады. Енді мәселе мынада:

Құрметті, Кішкенекөл ауылының әкімшілік ұжымы және Уәлиханов ауданының әкімшілік бөлімі, Әсемгүл Арықбаеваның бұлай видео жолдауына не түрткі болды?

Видеоны түсіріп тұрған адам және оның артында қайта-қайта қозғалыста болған адам кім?

Неге нақты ақпарат жоқ?

Неге жәбірленуші (әзірге) видеода өзін сенімсіз түрде ұстайды?

Неге әкімшілік видео жолдауды өздерінің тарапы арқылы түсірмейді?

«Рақмет біздің әкімшілікке» деп айтып тұрған азаматтың жаңа жыл күні алты баласымен далаға шығарып жіберу немесе далада қалдыру мәселесін қалай түсіндіріп бересіздер?

Бұл азаматқа кім жамандық ойлауы мүмкін?

Азаматтың жағдай жақсы болса, неге сіңлісінің үйінде тұруы керек? Неге қарапайым жатақханадағы пәтер ақысын төлей алмай отыр?

Видео және толық ақпарат осы сілтемеде

Бұл видео арқылы бірнеше түсініксіз сұрақтар пайда болып отыр. 

Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Уәлиханов ауданының әкімшілік бөлімі осы сұрақтарға нақты әрі толық жауап берулерін, болып жатқан оқиғаның ашық түрде көрсетілуін сұрайды.

0 Пікір Кіру