Денис Тен қазасындағы күдіктілер: Мен мойындамаймын - на politic.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на politic.bugin.kz Марғұлан Ақан

Өзгеріп шыға келді

Танымал спортшының қазасына күдікті деп ұсталған үші қылмыскер де өз әрекеттерін жоққа шығарып, мойындамай отыр. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Алматы қаласында Денис Теннің өліміне байланысты сот отырысы өтіп жатыр. Айта кететіні, күдіктілер сот залына кешіктіріліп әкелген. Сондықтан сот кеш басталды.

Бұл ғана емес, сот залында БАҚ өкілдеріне отыруға рұқсат берілмеген. Оларға тек арнайы бөлмеде тікелей трансляция қарау қарастырылған. «Неге?» деген сұрақ іште қалып кетті.

Күдікті Арман Құдайбергенов  ұрлағанын  мойындап, бірақ спортшыны өлтірмегенін алға тартты. Ал Қиясов тіпті «ұрламадым, өлтірмедім» деп жауап берді. Күдікті Толыбаева болса 434-бапты мойындаудан бас тартты.

0 Пікір Кіру