Бүгін еліміздің Тәуелсіздік алғанына 28 жыл толды - на politic.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на politic.bugin.kz Қаракөз Амантай

Тәуелсіздік- тарихтың мәңгіге берген еншісі емес, халықтардың мамыражай өмір сүруіне берілген кепілдік те емес: аңғал болмағанымыз абзал

Бүгін қастерлі Тәуелсіздігімізге 28 жыл, ал Желтоқсан оқиғасына 33 жыл. Осыдан жиырма сегіз жыл бұрын қазақстандықтар көзге жас алатын, үлкен қуанышты күннің куәсі болды. Жиырма сегіз жыл бұрын кеудені мақтаныш сезімі кернеп, көңілді толқытатын кез туды. Жиырма сегіз жыл бұрын қазағым тәуелсіз ел болып, тәуелсіз жер атанды. Тәуелсіз Қазақстанның 28 жылда жеткен жетістіктері де аз емес. Бүгін Тәуелсіз Қазақстанның терең тарихынан сыр шертуді жөн көрдік. 

Тәуелсіздік күнінің тарихы

1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан КСРО құрамындағы елдердің арасында ең соңғысы болып Тәуелсіздігі туралы заңды қабылдады. Бұл заң 1990 жылы 25-қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті.

Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары мойындады, екінші болып айдаһардай айбарлы Қытай, сонан соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті мойындады. Иран — Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мұсылман мемлекет. Ал “Тәуелсіздігімізді ең алғаш болып бауырлас Түркия мемлекеті мойындады” деген сөздің ақиқат еместігін білгеніміз жөн. Түркия алғаш болып Қазақстанда өз елшілін ашты, бірақ тәуелсіздігімізді мойындауда он жетінші болды. Бұл деректі еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған, елдің сыртқы саясат тұжырымдамасы авторларының бірі болған Вячеслав Ғиззатов келтірген. ҚР Сыртқы Істер министрлігінде тіркелген дипломатиялық құжаттарда Түркияның Қазақстан тәуелсіздігін ресми түрде мойындайтын протоколға 1992 жылдың 2-наурызы күні қол қойғандығы көрсетілген. Алғашқы күндері әлемнің салмақты елдері мойындап, кейіннен басқа да елдер мойындап жатты. Осылайша әлемдік саясат аренасында ҚАЗАҚСТАН деген мемлекет тәй-тәй басты. Небары бірнеше аптаның ішінде әлемнің көптеген беделді елдері Қазақ елінің тәуелсіздігін мойындап, дипломатиялық қатынастар басталды.

Жыл сайын республика азаматтарының арасында мәдениет қайраткерлері, әлеуметтік саладағы ерекше қызметімен көзге түскен мамандар, әскери шенділер мен офицерлер, құқық қорғау саласының қызметкерлері және ел өміріндегі белсенді өзге де сала өкілдері елеулі еңбек еткендері үшін мемлекеттік марапаттармен (наградалар) марапатталады. 16-желтоқсан күні Қазақстанның барлық жерлерінде мерекелік мәдени ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады. Кешке қарай үлкен орталықтардың аспаны отшашумен көмкеріледі. Тәуелсіздік тек Қазақстан тұрғындары үшін емес, сонымен бірге, шетелдердегі қазақ халқының өкілдері үшін де маңызы зор мереке.

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіздікке байланысты айтқан нақыл сөздері

  • Тәуелсіздігімізді көздің қарашағындай сақтап, мемлекетімізді нығайта беру үшін бізге ең әуелі бірлік қажет. 
  • Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат керек. 
  • Қазақтар талай рет тұтасымен қырылып кетуге шақ қалды. Бірақ өмірге деген құштарлық, азаттық аңсары еңсесі түскен елді қайыра түлетіп, қайтадан тәуекел тұғырына қондырып отырды.                                                    
  • Қазақ халқы сан ғасырлар бойы өзінің егемендігі мен тәуелсіздігі үшін күресіп келді. Өзінің ең жақсы қасиеттерінің: қатер төнген сәтте бірігіп, ұйымдаса білуінің, сондай-ақ басқа халықтармен бейбітшілік, келісім мен тату көршілік жағдайында тұруға деген ынты-ықыласының арқасында ол тарих тасқынының астында қалып қоймай, өзінің мемлекеттігін қалпына келтіре алды.
  • Біз туған мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне, халықаралық қауымдастықтағы беделінің өсуіне қызмет етуге парыздармыз.
  • Біз тәуелсіздікті ақылмен, ата-баба жолымен алдық деп ойлаймын.
  • Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның туын, елтаңбасын, әнұранын тұмардай қасиет тұтуы  қажет.Елдігіміздің сыналатын бір тұсы осы.
  • Тәуелсіздіктің біздің бәрімізге артар міндеті мол. Енді еңселі ел болудың жолына шыңдап түсуіміз керек. Әулетіміздің асуы да, дәулетіміздің тасуы да өз қолымызда. Кең байтақ жеріміздің байлығы  осы даланың түпкілікті халқына да, тағдыр қосып бірге өмір сүріп жатқан басқа ұлт  өкілдеріне де молынан жетеді. Не істесек те ақылмен істейік, арзан ұранға ермейік, ұшпа сезімге ерік бермейік дегім келеді. Әсіресе, жастар, салқынқандылықтан, үлкенді сыйлаудан, сөзге тоқтаудан айнымаса, қашан да достыққа адал болса, бауырмал, кеңпейіл болса, халықтың атына сөз келтіретін ұстамсыздық атаулыдан аулақ жүрсе деп тілейік.
  • Тәуелсіздік- тарихтың мәңгіге берген еншісі емес, халықтардың мамыражай өмір сүруіне берілген кепілдік те емес: аңғал болмағанымыз абзал.

Тәуелсіздік күніне орай тұрғызылған монументтер

Алматы

Тәуелсіздік монументі – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің бес жылдығына орай Алматы қаласында салынған сәулет және мүсін өнері ескерткіші. Республикалық маңызы бар ескерткіштер тізіміне енгізілген

Кешен ғылымның, мәдениет пен мемлекеттің танымал қайраткерлерінің сәулетін, мүсіндерін, сөздерін біріктіретін бірегей көркемдік шығарма болып табылады. Стеланы жақтаушалайтын көркемделіп құйылған торкөздер Қазақстан тарихындағы басты оқиғаларды, соның ішінде Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салтанатты сайлануын баяндайды. Ескерткіштің төмен жағында мемориалды тақтайға Президенттің ант беру кезінде Конституцияға қойған қолының таңбасы түсірілген. Құлпытастарға өткен мен бүгінгі күн тарихи тұлғаларының сөздері ойылып жазылған. Мұнда Президент Назарбаевтың келесі сөздерін оқуға болады: «Қоғамдағы татулық пен келісім әр адамның лайықты өмірі мен еңбегін қамтамасыз етеді. Еркіндік – бассыздық емес, әділдік пен құқықтың салтанаты.

1996 жылы Алматыдағы Республика алаңында Қазақстан тәуелсіздігінің бес жыл толуы құрметіне биік обелиск түрінде тұрғызылған монументті құрылыстың авторлары: архитектор Ш.Уәлиханов (топ жетекшісі), мүсіншілері Н.Далбай, Ә.Жұмабаев сәулетшілері Қ.Жарылғапов, Қ.Монтақаев, т.б. бас конструкторы С.П. Каламкаров. Тәуелсіздік монументі сол жылы 16 желтоқсанда ашылды. Ескерткіштің ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев пен Түркия президенті С. Демирель қатысты.

Қазақтың қолданбалы өнерінен тамыр тартқан тәуелсіздік монументінің негізгі ортасында композициясы ұлттық өрнекпен көмкерілген текшелі діңгек тастан құралып, оның биіктігі 28 м-ге жетеді. Көк аспанға қарай шаншыла бой көтерген орталық діңгектің ұшар басы қауызы ашылмаған қызғалдақ тәрізді жұмырланып мүсінделген әрі оған Қазақстанның елтаңбасы ойылып түсірілген. Оның үстіңгі жағындағы қоладан құйылған қанатты барыстың үстінде оң қолында қыран құсы, сол қолында садағы, белінде қанжары мен асынып алған қорамсағындағы сауыт, бұзар алтынға малынған жебелері бар дулығалы жас сарбаздың құрыштай мығым бітім-тұлғасы аса айбарлы кейіппен, тәуелсіздік монументінің беріктігі мен ауқымдылығын айқын аңғартады.

Тәуелсіздік монументінің екі қапталын айнала қазақ халқының тарихи өткен өмір белестерінен сыр шертетін шағын архитектор-мүсіндемелік бедерлі бейнелер, яғни сонау сақтар дәуірінен тәуелсіздіктің жариялануына дейінгі тарихи кезеңдерді: Томирис заманынан бастап әл-Фараби, қазақ хандығының құрылуы, Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама, жоңғар шапқыншылығына қарсы күрес, қазақ пен орыс халқы арасындағы байланыстар, ұлт-азаттық қозғалыстары, 2-дүниежүзілік соғыс, Желтоқсан көтерілісі мен Тәуелсіздіктің жариялануын көрсететін ұтымды шешім тапқан көрініс-суреттер орналасып әрі олар бір-бірімен жымдаса жалғасып, көркем жарасым тапқан.

Діңгектің төрт жағында орналасқан төрт мүсіндік бейне де тәуелсіздік монументінің архитекторлық және мүсіндік шешімін дәл тапқандығымен ерекшеленеді. Дала данасы ақылгөй абыз ата мен жүрегі мейірімге толы ақ жаулықты Жер-ана және олардың алдыңғы жағындағы құлыншаққа мінген бала мен қыздың бейнесі ескерткіштің сәулетті символик. мазмұн-сипатын ашумен қатар, ұлттық рухы мен сыр-сымбатын айқындап асқақтата түседі. Ол 20 ғасырдың соңына қарай ұлттық сәулет өнері тарихында өз орны бар мүсіндік және сәулетшілік ой шығармашылығы тоғыстығынан туған озық архитектор жәдігерлерінің біріне айналды.

Астана

2009 жылы Астананың жаңа алаңында «Қазақ елі» монументі бой көтерді. Ол – Қазақстанның тәуелсіздік рәміздерінің бірі. Ескерт-кіштің жалпы биіктігі – 91 метр. Бұл еліміз егемендік алған 1991 жылды меңзейді. Монумент авторлары – мүсіншілер Нұрлан Далбай, Мұрат Мансұров және сәулетшілер Сәрсембек Жүнісов, Бақтыбай Тайталиев, Ерлан Жақыпбеков.

Ескерткіш діңгегінің ұшар басын-да киелі құс Самұрық бей-неленген. Ол қазақ халқының даму мен гүл-деп-көркеюге деген ұмтылысын көрсетеді. Діңгектің негізінде төрт қола  барельеф  орналасқан. Барельеф – жазықтықтағы мүсіндік бейне. Барельефте мүсіндер үстіңгі бетте көтеріліп шығып тұрады.

Батыс жағындағы «Тұңғыш Президент және халық» деп атала-тын барельефтің орта тұсында Президентіміз  Нұрсұлтан Назарбаев мүсіні бейнеленген. Елбасының алақаны ел Конституциясының үстінде тұр. Бұл тәуелсіз елде заңның үстем болатынын меңзейді. Сондай-ақ, «Қаһармандық», «Жасампаздық», «Болашақ» деген барельефтер бар. «Қазақ елінің» басты идеясы – өткеніміз бен бүгінімізді, халықтың ынтымақ-бірлігін, елдің саяси және экономикалық өмірінің маңызын көрсету.

Қарағанды

2006 жылы Тәуелсіздік кү-ні мерекесіне орай 47 метрлік «Тәуелсіздік» ескерткіші ашылды. Ескерткіштің ұшар басындағы алтын-мен апталған, шапағын шашқан күн мен қыран тәуелсіздікті білдірсе, төрт бұрышындағы 4 пырақ еркіндікке ұмтылған ел нышаны. Бұл ескерткіш – өткен күндердің белгісі ғана емес, Қазақ елінің тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген зор табысының, оның жарқын болашаққа ұмтылысының нышаны іспеттес. Композицияның авторы әрі сәулетшісі – Мұрат Байыс-бай.

Шымкент

2009 жылы 22 қыркүйекте «Жер-Ана» Тәуелсіздік ескерткіші ашылды. Оның биіктігі – 24 метр. Монумент авторлары: сәулетші Бақытжан Әшірбаев пен мүсінші Насыр Рүстемов.  Діңгек тастың ұшар басында әйел бейнесіндегі Жер-Ананың 8 метрлік мүсіні асқақтайды. Әйелдің бір қолы әсем иіліп, төмен түсірілсе, екінші қолымен күн-шеңберді көкке созып тұр. Күн-шеңберде еркін самғап ұшудың символдық белгісі – қарлығаштар бар. Ал үш қырлы діңгек тас – халқымыздың бірлігінің нышаны. Діңгек тастың әр бетіне ұлы билердің даналық сөздері қашап жазылған.

Ұлытау

2005 жылы 15 қыркүйекте Қарағанды облысындағы Айыртау жотасының етегінде «Қазақстан халқының бірлігі» монументі ашылды. Мону-мент орналасқан Ұлытау кенті – географиялық жағынан еліміздің кіндік тұсы. Ескерткіш Қазақстанның мемлекеттік тұтастығын және Қазақстан халқының ынтымақ-бірлікке ұмтылысын көрсетеді. Ескерткіштің авторы – сәулетші Тимур Төреқұлов.

Төрт тарап дүниені бейнелейтін монументтің ұшар басында, 30 метр биіктікте күн-шаңырақ орнатылған. Ескерткіш негізінің ортаңғы бөлігіндегі тас халықтың күш-қуатын білдіреді. Бұл – бір шаңырақ астына біріккен тату отбасының ошағы. Тасқа қазақ жерінің ұлы перзенттерінің даналық сөздері қашап жазылған.

Міне, көзді ашып жұмғанша  тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлап жатырмыз. Тәуелсіздікке жету  оңай жолмен келген жоқ, ол бәрімізге мәлім. Бұл қазақ халқының ғасырлар бойы көздеген арман-мұраттарының орындалғаны.

Өткенді ұмыту ұлылық емес. Өткеннен сабақ алып, еліміздің еңселі егемендігін ардақтау-естелік. Ертеңіміз үшін маңызды мәселе десек, бұл бағытта ауданда атқарылып жатқан істер халқын қуантуда.

Өткен аптада Тәуелсіздікті құрметтеп, 25 жылдығымызға арналып Жаңатас қаласының орталығынан ескерткіш ашылды.

Ұрпақтар аллеясында орнатылған ескерткіштің ашылу салтанатында аудан әкімі Балабек

Нарбаев құттықтау сөз сөйлеп,  егемендігіміздің еңселі жылдарында жеткен жетістіктерімізді саралап, болашақ ұрпақтың баянды болуы үшін Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуының маңыздылығын айрықша атап өтті. Бұл ескерткіштің кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге екендігіне де тоқталды. Болашақта ауданның көркеюі  үшін ауқымды істердің атқарылатынында жеткізді.

Ескерткіш салтанатты жағдайда ашылды.

Содан соң елімізге танымал айтыскер ақын Алик Бекмұсаев жыр арнап, ақ жаулықты әжелер шашу шашты. Осы ескерткіштің ашылуына тікелей атсалысқан «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінің директоры Мұратқали Бақыткерейұлы сөз сөйлеп, айтулы мерекемен құттықтады. Сонымен қатар тұрғындарға ескерткіштің жасалу мақсатына тоқталып, халықтың қуанышымен бөлісті.  

Жиналған жұртқа ерекше көңіл-күй сыйлаған салтанатты жиын соңы ескерткішке гүл қою рәсіміне ұласты.

0 Пікір Кіру