Желтоқсан: Тәуелсіздікті қайта қалпына келтірген көтеріліс - на politic.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на politic.bugin.kz Марғұлан Ақан

Тәуелсіздіктің тірегі - желтоқсан

Грузия тәуелсіздігін алған күнін 26 мамырда тойлайды. Себебі 1918 жылы тұңғыш "Грузия демократиялық республикасы" құрылды және оны сол кезде мойындап үлгерген мемлекеттер бар. Кез келген елдің тарих оқиғалары бір-біріне ұқсап, жанасып жатады. Бәріндегі ортақ мүдде біреу-ақ. Ол – тәуелсіздік. Тіпті Грузия ресми түрде 1991 жылы алған азаттықтарын «тәуелсіздікті қайта қалпына келтіру» деп баға да берген, ресми атаған.

Ертең 13 желтоқсан Алаш автонмиясының құрылған күні. 1917 жылы құрылған Алаш республикасының бүгінгі жалғасы қазіргі тәуелсіз Қазақстан екенін оқыған көзқарақты оқырманның бәрі біледі. Ендеше біздің де тәуелсіздік қайта қалпына келді, өсті әрі өнді. Тек бізде грузияға қарғанда, жоқ жалпы ТМД елдеріне қарағанда басқаша тарихи оқиға орын алды.

1986 жылы көтеріліске шыққан қазақ жастары Кеңестің көбесін сөгіп, жаппай ыдырап, өзге де елдердің тәуелсіздік алуына себепкер болды. Ал біз осы ұлы күнді сынып ішіндегі ашық сабақтарда не дөңгелек үстел айналасында талқылап, ұрпақ санасында жаңғыртып тұрғымыз келеді. Идеология мен ақпарат соғысы жүріп тұрған шақта бұл ақылға қонымсыз стратегия. Белгілі бір жүйеге негізделмеген, тек бағдарлама ретінде жүретін «желтоқсан» тақырыбын жаңа деңгейге, ақиқатын ашып айтатын тағы бір белеске өтетін сәті келген секілді.

«Желтоқсан жайлы ашылмаған ақиқат көп, бәрі уақытымен ашылар», деген сөз бүгін дөңгелек үстелде бірнеше рет қайталанды. 

Дос Көшім: «Біз нені күтіп отырмыз» деп, қадап айтты. Шындығында, желтоқсан көтерілісіне шынайы баға бере алмай келе жатқанымызға отыз жылға жуық уақыт өтті.

Елде бір емес 11 желтоқсаншылардан құрылған ұйым бар. Олардың екеуі мемлекеттік деңгейде болса, қалғаны жеке топтардан құрылған. Әр ұйымның жыл сайын осы желтоқсанда көтеретін мәселесі жеткілікті. Тек шешімін таппаған секілді. Оны осы дөңгелек үстел басында отырып көрдім.

Айналып келген кезде «Тәуелсіздік монумент» деген ауыз толтырып айтатын ескерткіш осы Алматы қаласында ғана орналасқан. Ал бұл монументтің үлгісі әр қалада болуы керек.

Дөңгелек үстелде көтерілген мәселенің бірі «Желтоқсан көтерілісіне» ұлт-азаттық көтерілісі мәртебесін беру. Бұл турасында халықаралық деңгейде тақырып қозғалып, келісім берген он шақта мемлекет аталды. Тек Қазақстан әлі келісім бермеген.
Түйін.
Желтоқсан көтерлісі өзінің әлі толыққанды мәртебесін де бағасын да алған жоқ. Біздің бүгінгі тыныстап жатқан бейбіт күніміздің артында қан мен құрбандық жатыр. Біз оларды тек қуықтай ғана жерде дәріптеп келеміз.

Соңында қоса кетейін, «патриотизм», «патриоттық» деген сөзден ешкім рух алып жүрген жоқ. «Алға, Қазақстан» деп ұрандасақ та ол патриотизм. Бізде рух та, намыс та бар. Өліп қалған жоқ. Солардың басын қосатын, бір бүтін әлем жасайтын жалғыз жол қалды. Ол - ҰЛТТЫҚ ИДЕОЛОГИЯ.

0 Пікір Кіру