Қытайдың сыртқы істер министрі АҚШ-ты қазіргі әлемнің «тыныштығын бұзушы» деп атады - на politic.bugin.kz
Plumeria - на politic.bugin.kz Plumeria

Ван И: Қытай-американ қарым-қатынасы соңғы 40 жыл ішінде бұрын-соңды болмаған қиындықтарды бастан кешіруде

Қытайдың Сыртқы істер министрі Ван И АҚШ-ты қазіргі әлемнің «тыныштығын бұзушы» деп атады және АҚШ-ты халықаралық келісімдерді үнемі бұзып отырады деп мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

«Аз ғана осы бір екі жылдың ішінде АҚШ Тынық мұхиттық серіктестіктен, Париж климаттық келісімінен, JCPOA, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінен, Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясынан, INF келісімінен шығып кеткен болатын... Мұндай қоғамдық шығулар және шарттарды бұзулар – бүгінгі әлемдегі тыныштықты бұзатын халықаралық қоғамдастыққа өте көп проблема туғызуда»,- деп Ван И Қытайдың сыртқы саясаты жөніндегі форумда сөйлеген сөзінде айтты.

Қытай СІМ басшысы Америка Құрама Штаттары біріккен күшімен әлемдегі ең қуатты мемлекет бола тұра өзінің халықаралық міндеттемелерінен бас тартып, апатқа әкеп соқтыратын біржақты әрекеттер мен протекционизм саясатының жолына түскендігін атап өтті.
«АҚШ Қытайға деген көзқарасында адасып қана қоймай, сонымен бірге оның әлемге деген дүниетанымында ауытқулары бар», - деді қытай министрі.
Ван Идің айтуынша, АҚШ мемлекеттік егемендігі мен елдің ұлттық қадір-қасиетіне қатысты мәселелерде Қытайға шабуылын жасауды және оны жамандауды жалғастыруда. Мысал ретінде ол Гонконг, Тайвань, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы, Тибет және адам құқықтарына қатысты мәселелерді келтірді.
«Сонымен қатар, Америка Құрама Штаттары Қытайдың әлеуметтік жүйесі мен даму жолын қорлау үшін түрлі халықаралық платформаларды пайдалануда және біздің басқа елдермен өзара тиімді ынтымақтастығымызға негізсіз айыптаулар тағуда»,- деді ол.
0 Пікір Кіру