Angelina Jolie президент сайлауына қатыспақ - на politic.bugin.kz
Сержан - на politic.bugin.kz Сержан

Америкалық актриса Angelina Jolie үлкен саясатқа қадам баспақ

Әйгілі Америкалық актриса Angelina Jolie  Англияның ВВС арнасының бір бағдарламасына сұқбат берді. 28 желтоқсан күні өткен сұқбатта актриса өзінің үлкен саясатқа қадам басатындығын яғыни 2020 жылғы АҚШ президент сайлауына түсуге дайын екендігін білдірген.


nbnews.com сайтының жазуына сенсек, жүргізуші Justin Webb одан президент сайлауына түсу ойының бар жоқтығын сұрағанда: " Маған мұқтаж орынға баруға әлдеқашан дайынмын" деп жауап берген. Сұқбат барысында ол тағы: "Мен БҰҰ да қызметте жүріп өзімнің президент бола алатындығымды сезіндім, бұл қызметтен көп тәжірибе жинадым" деген.

Жүргізуші одан ары қазбалай түсіп, демократтар партиясының ішкі сайлауына түсуші үміткерлер қатарында, бір әйел актриса бар екендігін естігенін айтқанда Анджелина ханым жауап беруден бас тартқан. 

Естеріңізге сала кетсек Анджелина өзінің 15 жылдық қайырымдылық жұмыстарында, 40 реттен астам БҰҰ - ның өкілі ретінде міндет атқарған.

 Angelina Jolie-дың  асырап алған 6 баласы бар.

0 Пікір Кіру