2019 жылы Қазақстанның жағдайы қиындап кетуі мүмкін - кәсіпкер - на politic.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на politic.bugin.kz Қаракөз Амантай

Біздің ғана емес, бүкіл әлемнің экономикасы қатты сырқаттанғалы тұр

Келесі 2019 жылы елдің жағдайы тым қиындап кетуі мүмкін. Біздің ғана емес бүкіл әлемнің экономикасы құлдырайын деп тұр. Бұл туралы кәсіпкер Марғұлан Сейсембай Facebook парақшасында мәлімдеді. 

Кәсіпкердің сөзіне құлақ түрсек, дүние жүзi нарығында қатты цунами пайда болып келе жатыр.

«Достар, жаңа жылдың алдында ешкiмдi қорқытқым келмейдi. Бiрақ дүние жүзi нарығында цунами пайда болып келе жатыр. 2008-2009 жылдардың дағдарысы ойыншық болып қалады. 2019 жыл бәрiмiзге оңай жыл болмайын деп тұр»,-дейді Марғұлан Сейсембай.

Марғұлан Сейсембайдың кеңесі:

1.     Егер қарызыңыз бар болса, тезірек жабыңыз;

2.     Ақшаңызды не болса соған құртпай, үнемдеп жұмсаңыз;

3.     Шығыныңызды мүмкіндігінше қысқартыңыз;

«Менiң болжамым бойынша келесi жылы бiзге көп бизнесмендер мен экономиканы жақсы түсiнетiн адамдар қажет болады»,-дейді кәсіпкер.


0 Пікір Кіру