Қазақстанда жеке куәлікке қатысты өзгеріс енгізілді - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оған өткен аптада қол қойған болатын

Қазақстандықтар жеке куәлікті рәсімдегенде екі есімнен тұратын әкесінің атын дефис арқылы жаза алады.

Депутат Майра Айсинаның айтуынша, бұған дейін екі сөзден тұратын есімдерге қатысты бірқатар қиыншылық болған. Әсіресе, ондай есімдер жеке куәлікте әкесінің аты ретінде көрсетілгенде екі есімнің біреуі, болмаса, екеуі бірге жазылатын. Енді, оны дефис арқылы жазуға болады.

"Мәселен, егер әкесінің аты "Асан-Әли" деп, дефис арқылы жазылса, баланың куәлігінде оны Асанұлы немесе Әлиұлы, я болмаса, "Асанәлиұлы" деп, бірге жазған. Енді, заң бойынша әкесінің атын дефис арқылы жазуға болады", - деді Айсина астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, осы норма "Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі жөніндегі Қазақстан республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңда қарастырылған.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оған өткен аптада қол қойған болатын.

Айта кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың есімі де екі сөзден тұрады. Президент "Әке туралы толғаныс" атты кітабында өз есімінің шығу тарихы туралы жазған. Оны майданда қаза тапқан ағасының құрметіне Қасым деп қойса, пейілі кең азамат болсын деген ниетпен анасы Жомарт деп атаған екен. Әкесі Кемел Тоқаевтың Қасым деген үлкен ағасы болды. 

Кейін Қасым соғысқа аттанып, 1942 жылы қаза болды. Оны Ресейдің Ржевск ауданындағы Трубино ауылында жерледі. Осылайша, інісі Кемел 18 жасында тұл жетім қалып, жалғыз бауырының қазасына қатты қайғырды. Өз баласының атына ағасының есімін қосты.

"Өзімнің есімім үшін тағдыр көруге жазбаған көкеме қарыздармын. Ал жаны жомарт, пейілі кең азамат болсын деп армандаған анам мені Жомарт атапты", - деп жазды Тоқаев.

sputniknews.kz

0 Пікір Кіру