2020: Асқар Мамин шенеуніктерге маңызды тапсырма берді - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Тапсырма

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин 2020 жылғы 1 сәуірге дейін деректер базасын өзектендіруді аяқтауды тапсырды.

«Әлихан Асханұлының (ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Смайылов) баяндамасында мемлекеттік органдардың деректер базасын өзектендіру тақырыбы қозғалды. Бұл - маңызды мәселе. Ауыл шаруашылығы, Ішкі істер, Әділет министрліктеріне, барлық мемлекеттік органдарға және әкімдіктерге «Азаматтарға арналған Үкімет« мемлекеттік корпорациясына 2020 жылғы 1 сәуірге дейін деректер базасын өзектендіруді аяқтауды тапсырамын», - деді Премьер-Министр.

Сонымен қатар Үкімет басшысы қазіргі таңда микро және шағын бизнес субъектілері 3 жылға салық төлеуден және тексеруден босатылғанын айтты.

«Бұл ретте мемлекеттік кіріс органдары мен әкімдіктер микро және шағын бизнес субъектілерін онлайн бақылау кассалық машиналарды, пост-терминалдарды толық қолдануын, кірістер мен шығыстарын оңайлатылған есебін кезең-кезеңімен енгізуін қамтамасыз етуі тиіс», - деді Асқар Мамин.

inform.kz

0 Пікір Кіру