Қызылордадағы қайғылы оқиға: Министр мәлімдеме жасады - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Апат

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қызылорда облысында жол апатынан зардап шекендердің жағдайын айтты.

«Ауыр жарақаттанған 6 адам облыстық ауруханаға жеткізілді. 16-сы орташа деңгейде, 7-теуі жеңіл-желпі жарақаттанған. Республикалық шұғыл медициналық көмек орталығы тарапынан қолдау көрсетіліп жатыр, санитарлық авиация бригадасы да барды», - деді министр Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне.

Сонымен қатар ол қазіргі уақытта зардап шеккен барлық азаматқа қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатқанын баса айтты.

«Жағдайды мониторингілеп отырмыз. Егер пациенттерді барынша жоғары технологиялық орталықтарға жеткізу қажеттігі туындайтын болса, онда біз оған да дайынбыз», - деді Елжан Біртанов.

Бұған дейін ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жанат Әбдірахманов 8 адам ажал құшқан «Қызылорда-Құмкөл» жолындағы апат жайында мәліметтермен бөліскенін хабарлаған едік.

inform.kz

0 Пікір Кіру