Қызылордадағы апат: Тың деректер шықты - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Автобустағы жолаушының барлығы Қазақстан азаматтары, шетелдіктер жоқ

Соңғы мәліметтер бойынша Қызылорда-Құмкөл тас жолындағы апаттан қаза тапқандар саны 8 адамға жетті, 21 адам зардап шекті. Бұл туралы үкімет кулуарында ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жанат Әбдірахманов мәлімдеді.

"Бүгін таңғы сағат бес шамасында "Қызылорда-Құмкөл" тас жолында апат болды. Қазіргі таңда 8 адам қаза болып, 21 адам жарақат алды. Автобус жүргізушісі көктайғақтан рөлге ие бола алмай, салдарынан аударылды. Қазір тергеу органдары жұмыс істеп жатыр", - деді ол.
Айтуынша, автобустағы жолаушының барлығы Қазақстан азаматтары, шетелдіктер жоқ. Мұнай компаниясына қарасты автобус жолаушылары Құмкөлге жұмысқа бара жатқан.
Әбдірахманов көлікте балалар болмағанын нақтылады.
"Үлкен Neoplan автобусы, 45-50 адамдық. Қоғамдық көлік ішінде елу шақты адам болған. Жүргізуші тірі ме, жоқ па әлі белгісіз. Ақпарат тексеріліп жатыр", - деді Жанат Әбдірахманов.

Оның мәліметінше, көлікке автотехникалық сараптама жүргізіледі. Қазір төтенше жағдай комитетінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, тас жолды толығымен тексеруде.

sputniknews.kz

0 Пікір Кіру