Қызылорда облысындағы қайғылы оқиға: Бірнеше адам қаза тапты - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Трагедия болған жерде апаттан құтқару жұмыстары жалғасып жатыр

Қызылорда облысында 35 адам мінген автобус аударылып, жеті адам көз жұмды. Бұл мәліметті төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов растады. 

3 желтоқсан күні Қызылордадан 85 километр жерде көктайғақтан жүргізуші рөлге ие бола алмаған. Автобус жолдан шығып кетіп, төңкеріліп қалған. Оқиға таңғы сағат 05:25-те болған. 

"Соңғы мәлімет бойынша, оқиға орнында алты адам қаза болды, тағы біреуі ауруханаға барар жолда жан тапсырды, зардап шеккен 28 жолаушы автобустан шығарылды. Құтқарушылар апаттан құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр", - деп атап өтті Нұрахметов.

0 Пікір Кіру