Жаңа мемлекеттік жәрдемақы: Талаптары қандай? - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

2020 жылдан бастап енгізілетін өзгеріс масылдықты жоюды көздейді

Келер жылдың қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау ережесі өзгереді.

Соған сәйкес, енді кедейшілік шегі мен отбасының кірісі есептеліп, айырмашылығы төленбек. Бұл туралы ақтөбеліктермен кездескен жауапты мекеме басшылары түсіндірді. Бұл туралы «Хабар 24» арнасы хабарлады.

Бүгінде  қала бойынша он мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек алып отыр. Осы уақытқа дейін бұл мақсатқа 4 миллиард 200 миллион теңге бөлінген. Ал отбасының табысы белгілі мөлшерден асқан 313 отбасыға көмек көрсету тоқтатылған.

Мамандардың айтуынша, 2020 жылдан бастап енгізілетін өзгеріс масылдықты жоюды көздейді. Бұдан өзге көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны өсіру қарастырылып отыр.

"Ең бастысы, бүгінгі күнге дейін бала күтімімен 7 жасқа дейін отыра алса, енді ата-ананың біреуі бала күтімімен 3 жасқа дейін отыруы тиіс. Және еңбекке жарамды отбасы мүшесі міндетті түрде жұмысқа орналасуы қажет. Балалар жәрдемақысы туралы айтсақ, ол жерде 4 балалы отбасыларға 42 500 теңгеден, 5 балаға 53 мың теңге, 6 балаға 63 000 теңге және 7 және одан да көп балаға 73 мың теңгеден төленеді", - дейді   қалалық жұмыспен қамту орталығы директорының міндетін атқарушы Алтынай Мақанова.

0 Пікір Кіру