10 қабылдау: Халықпен тиімді кері байланыс орнатылды ма? - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Ерлан Айтаханов қала тұрғындарын жиі қабылдайды

Шымкент қаласында билік пен қарапайым халық арасында ерекше байланыс бар. Оның сыры неде деп ойлайтын шығарсыз. Жауап біреу-ақ. Қала әкімі бар назарын қала халқының жағдайына аударған. Ол әкім болған 4 айдың ішінде қала тұрғындарын 10 рет қабылдаған. Е.Айтахановтың қала тұрғындарын қабылдауында болған оқиғаларға шолу жасайық.

Ерлан Айтаханов «Нұр Отан» партиясында қоғамдық қабылдау өткізді

Қала әкімі Ерлан Айтаханов «Nur Otan» партиясының қалалық филиалының ғимаратында тұрғындарды қабылдады.

Қалада әкімнің қоғамдық қабылдауы айына екі рет өтеді. Бұл жолы келген азаматтар жандарын мазалап жүрген мәселелерін қала әкіміне айтып, шешілуіне көмектесуін сұрады. Олар әсіресе жұмыспен қамту, жалақы, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі туралы мәселелерді көтерді. Енді біреулері елдімекендерге жолаушылар тасымалын ұйымдастыру және жеке кәсіпті дамыту жөніндегі сауалдарын қойды.

Шымкентте 200-ге жуық тұрғынның өтініші қаралды

Қала әкімі Ерлан Айтаханов пен аудан әкімдері азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Аталған тұлғалар бір күннің ішінде 200-ге жуық азаматты қабылдап үлгерген.

Қабылдау барысында Ерлан Қуанышұлы тұрғындармен ашық диалог құрды. Сонымен қатар ол қала тұрғындарына Шымкенттің алдағы даму жоспарын да айтты. Сондай-ақ, азаматтардың қаланы дамыту бойынша ерекше ұсыныстарын тыңдады. Тұрғындар тарапынан ең көп жолданған сауалдардың бірі жол мен қоғамдық көлік және жылу мәселесіне қатысты болды. Бұдан басқа ауыз су, газ, баспана кезегі мәселелері де айтылды.

Е.Айтаханов тұрғындарды «Адалдық алаңында» қабылдады

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Әкімнің қабылдауына келген тұрғындар өздерін мазалаған жұмыспен қамту, коммуналдық мәселелер мен жер, әлеуметтік жәрдемақы алу, баспанамен қамту сынды сауалдарын қойды.

Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарына жауап берген қала басшысы барлық көтерілген мәселе заң аясында шешілетінін айтты.

Е.Айтаханов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов бірқатар азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қала басшысының қабылдауына келген азаматтардың сұрақтары әртүрлі бағытта өрбіді. 

Азаматтардың өтініштері мен сауалдарына жауап берген шаһар басшысы баспаналар мемлекеттік тұрғын үй қорынан заңға сәйкес тек өз кезегімен алынатындығын айтты. 

Қала әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов әкімдік ғимаратында қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарына жауап берген қала басшысы Е.Айтаханов барлық тұрғын баспананы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тек өз кезегі келгенде ала алатындығын айтты. Ол сонымен қатар кез-келген көмекпен қамтамасыз ету тек Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мүмкін болатындығын атап өтті.

Е.Айтаханов тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов кезекті рет азаматтармен жеке қабылдау өткізді. 

Жеке қабылдау барысында шымкенттіктер жол, көгілдір отын, отбасылық жағдайлары мен әлеуметтік мәселелері және тұрғылықты жұмыс мәселелері бойынша сауалдарын қойды. 

Еске салсақ, қала әкімінің жеке қабылдауы әр аптаның жұма күні сағат 16:00-18:00 аралығында өтеді.

Әкім кезекті жеке қабылдауын өткізді

Шымкент қаласының әкімі Е.Айтаханов азаматтарды жеке мәселелерімен кезекті рет қабылдады.

Кездесуге келген 25 қала тұрғыны әкімге үй, жер және әлеуметтік қолдау мәселелері мен шағын бизнесті дамытуға қолдау көрсету бойынша өтініштерін жеткізді.

Жеті сағатқа созылған қабылдауда қала басшысы әрбір азаматтың мәселесін мұқият тыңдап, көтерілген  мәселелерді заң аясында шешу жолдарын тұрғындарға түсіндірді.

Шымкент әкімі қоғамдық қабылдауда тұрғындардың мәселесін тыңдады

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов «Nur Otan» партиясы қалалық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді. 

Қоғамдық қабылдауда тұрғындар көтерген негізгі мәселелердің бірі әлеуметтік қолдау шараларын тағайындау мен білім саласының жайын жақсарту, әлеуметтік және идеологияны дамыту бағытындағы жобалар және тұрғын үй бағдарламаларына қатысты болды. 

Әкімнің жеке қабылдауы өтті

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов азаматтардың жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдауын өткізді. Екі сағат уақытта қала тұрғындарының өтініштерін тыңдап, оларды шешу үшін жауапты сала басшыларына тиісті шараларды  қабылдауды тапсырды.

Әрбір тұрғынның мәселесі маңызды екенін айтқан қала басшысы қабылдауына келген кез-келген азамат өздерінің ой-пікірлері мен өтініштерін еркін айта алатынын атап өтті.

Ерлан Айтаханов Шымкент әкімі қызметіндегі алғашқы жеке қабылдауын өткізді

Ерлан Айтаханов Шымкент қаласының әкімі қызметіндегі азаматтарды жеке мәселелері бойынша алғашқы жеке қабылдауын өткізді.
Қала басшысымен кездесуге келген тұрғындар екі сағат уақыт аралығында сапалы электр жарығы, коммуналдық төлемдер, тұрғын үй, жер мәселесі мен әлеуметтік көмектер бойынша өз өтініштерін жеткізді.

Жеке қабылдауда болған 10 азаматтың өтінішін тыңдаған әкім айтылған өтініштерді заң аясында шешу жолдарын қарастыратынын айтты. Сонымен бірге әр мәселеге байланысты жауапты сала басшыларына тиісті шараларды дер кезінде қабылдау туралы тапсырма берді. 

0 Пікір Кіру