Қаржы жоқ: Қытай авианосец жасауын тоқтатты - на politic.bugin.kz
Асхат Қасенғали - на politic.bugin.kz Асхат Қасенғали

Қытай қаржы тапшылығын көруде

28 қарашада South China Morning Post басылымы Қытайдың "002" бағдарламасынан кейін жоспарланған "003" және өзге де бағдарламасы іске аспайтынын жазды. 

Бұл бағдарламалар авианосец жасауға арналған арнайы мемлекеттік стратегия болатын. Бағдарламаларды тоқтатудың басты себебі қаржының тапшы болуында болып отыр. Енді Қытайда төрт авианосец кемесі ғана бар. Біріншісі — «Ляонин», Қытайға сатылған бұрынғы кеңестік «Варяг». Екіншісі 001A жобасы бойынша жасалған авианосец. Үшінші және төртінші авианосецтер "002" бағдарламасы бойынша жасалып жатыр. Жоспарға сай Бейжің тағы алты авианосец жасауы тиіс болатын. 

Авианосецтердің құрылысын тоқтату қаржымен бірге оларға қойылатыр әскери жабдықтардың жетіспеуімен де байланысты. Кеме бетіне қонуға арналған Қытайдың шабуылдаушы ұшақтары мен жойғыш ұшақтары сынақтан сәтсіз өтті. Ал Батыс пен Ресей ол типтегі ұшақтарды Бейжіңге сатпай отыр. 

0 Пікір Кіру