Шетелдік олигарх Қазақстанның саясаткерлеріне «демеушілік жасады» - на politic.bugin.kz
Nurbol  - на politic.bugin.kz Nurbol

Оффшорлық компаниялар арқылы

2009 жылдың қазан айынан бастап 2014 жылдың мамыр айына дейін Молдованың сыртқы істер және еуропалық интеграция министрі болған, содан кейін  премьер-министрі болған Юрий Лянка Анатолий Стати мен оның отбасының бақылауындағы компаниядан 400 000 доллар алған. Бұл туралы «Комсомольская правда» жазады.

Бұл ақпарат Қазақстан Швецияның апелляциялық сотына 2013 жылғы желтоқсандағы Төрелік сот шешімінің күшін жою туралы өтінішпен жіберілген жаңа мәлімдемеге енгізілген, оған сәйкес Қазақстан Анатолий Статиге жарты миллиард долларға жуық залалды төлеуге міндеттелді.

Қазақстанның Әділет министрлігі жариялаған құжатта Анатолий Статидің оффшорлық компаниялар арқылы ондаған және жүздеген миллион доллар аударғаны айтылған. Сөйтіп Стати отбасы өз компанияларын банкротқа ұшыратты.

Қазақстан билігінің мәліметінше, Стати ақшаның бір бөлігін Қазақстан, Молдова, Румыния, Конго, Оңтүстік Судан және Ирак (Күрдістан облысы) саясаткерлеріне «демеуші» ретінде жұмсаған.

Сонымен қатар құжатта 2009 жылдың қазанынан 2014 жылдың мамырына дейін Стати Юрий Лянкаға шамамен 359 000 доллар аударғандығы айтылған.

0 Пікір Кіру