Қытай: Жапония ядролық қару жасап, бізге қарсы қолданбақ - на politic.bugin.kz
Асхат Қасенғали - на politic.bugin.kz Асхат Қасенғали

Жапония ядролық держава айналуы мүмкін

Жапония әлемдік қауымдастықтың назарын өзіне аудармай, ядролық қару жасауға мүмкіндік беретін қоспаларды толық дайындап үлгерген. Бұл жайында Қытайдың Sohu аналитикалық басылымы арнайы зерттеу мақаласында жария етті.

Басылымның мәліметінше, Жапонияның қазір 6000 ядролық бомба жасауға қауқары бар. 

Жапония жылдар бойы бейбіт атом концепциясымен бүркемеленіп, ядролық қару жасайтын деңгейге жеткен дейді сарапшылар. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ Жапонияның қорғаныс саласын бақылауда ұстағанымен, Токионы өзіне одақтас еткеннен кейін бақылауды азайтқан. 

- Жапония ірі соғыс жағдайында аса қуатты ядролық қаруды тез арада жасап үлгеретін әлеуетке ие болды. Ол көз алдымызда ядролық державаға айналып келеді. Бірақ әлем оны байқағысы келмейді. Жапония Қытаймен даулы аралдар үшін соғысқа барса, Бейжіңге қарсы ядролық қару қолдануы бек мүмкін, - деп жазады басылым.

0 Пікір Кіру