Қытайдың премьер-министрі Ли Кэцян Ресейге ресми сапармен келді - на politic.bugin.kz
Қошан - на politic.bugin.kz Қошан

Жан-жақты ынтымақтастық

Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевтің шақыруымен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцян Ресейге үш күндік ресми сапармен және Қытай мен Ресей үкімет басшыларының кезекті 24-отырысына қатысу үшін бүгін Санкт-Петербургке келді. 

ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцян бүгін түстен кейін Ресейге үш күндік ресми сапармен Санкт-Петербургке келді.

Сапар барысында Ли Кэцян мен Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев Қытай мен Ресей үкімет басшыларының кезекті 24-ші отырысына тең төрағалық етеді.

- Биыл Қытай мен Ресей арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 70 жыл толады, Қытай мен Ресей жақында екіжақты байланыстарды жаңа дәуірде жан-жақты серіктестік пен стратегиялық өзара іс-қимыл деңгейіне көтерді, - деді Ли Кэцян. - Ол жедел дамумен жоғары деңгейдегі екіжақты қатынастардың жаңа кезеңі басталды

- Бұл жолы кезекті кездесу жан-жақты прагматикалық ынтымақтастық аясындағы жаңа жемісті нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етеді, жаңа дәуірдегі жан-жақты серіктестік пен стратегиялық өзара іс-қимыл қатынастарын екі халықтың игілігі үшін одан әрі байытады деп сенемін, - деді тағы да Ли Кэцян.

Ли Кэцян халықаралық жағдайдағы күрделі және терең өзгерістерге және жаһандық экономикаға өсіп келе жатқан қысымның төмендеуіне тоқталып, халықаралық қатынастарда Ресеймен үйлестіру мен ынтымақтастықты жандандыруға, көпжақтылық пен еркін сауданы қорғауға, жаһандық басқаруды жетілдіруге бірлескен күш салуға және ашық әлемдік экономиканы қалыптастыруға дайын екендігін қуаттады.  

Сонымен қатар, әлемдегі және аймақтағы бейбітшілікті, дамуды және өркендеуді қорғайды.

Ли Кэцян мен Д. Медведев Санкт-Петербургте Қытай мен Ресей үкімет басшыларының 24-ші кезекті отырысынан кейін келіссөздер жүргізіп, бірлескен коммюникеге қол қояды. ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьер-министрі, жоспарланғандай, Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездеседі.

0 Пікір Кіру