Шымкент: Тұрғындар медициналық көмектің жаңа түрімен танысты - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

"Денсаулық" пойызы

«Денсаулық» пойызы Шымкентке де жетті. Тұрғындарға терапевт, окулист, невропатолог, педиатр, хирург, уролог, маммолог, стомотолог сынды дәрігерлер қызмет көрсетеді. Аталмыш пойыздағы дәрігерлер 23-24 қараша аралығында Қызылсай станциясында Шымкенттік тұрғындарға көмек береді.  

Сонымен бірге медициналық көмекке жүгінген халыққа медициналық сақтандыру жүйесінің жұмыстары туралы кеңінен түсіндіріліп жатыр.

«Денсаулық» пойызының мақсаты не?

Медициналық сақтандырудың мақсаты бірнеше бағыттарды қарастырады. Олар:

Денсаулық сақтау саласының тиімділігін арттыру;

Халыққа  қажетті қызметтің барлық түрлерінің қолжетімділігін арттыру;

Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру;

Медициналық қызметтің сапасын көтеру;

Денсаулық сақтау саласын тұрақтандыру;

Пойыздың ерекшелігі қандай?

1.    Пойыз заманауи диагностикалық құралдармен жабдықталған 

2.    ЛОР және офтальмологиялық жабдықтардың соңғы үлгілерімен қамтамасыз етілген.

0 Пікір Кіру