Шымкент: «Әділет кеңес береді» акциясы қандай сұрақтарды қарастырды? - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Мәселе

Бүгін Шымкентте Әділет департаментінің ұйымдастыруымен «Әділет кеңес береді» акциясы өтті. 

Аталған шарада сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін халыққа қызмет көрсету орталығында Әділет департаментінің құрылымдық бөлімдерінің мамандары, нотариус, заңгерлер барлық азаматтарды қабылдады.

Акцияда қандай сұрақтар талқыланды?

«Әділет кеңес береді» акциясында талқыланған сұрақтар.

1.    Мемлекеттік жәрдемақы алу

2.    Алимент өндіру

3.    Жер мәселесі

Акция осы аталған үш негізгі мәселені заңдастыруға қатысты өтті.

Шымкент қаласы Әділет департаментінің бас маманы Серік Әлімқұлов үй мен жер мәселесіне қатысты сұрақтар туындаған жағдайда кез келген азамат сотқа және атқарушы органдарға жүгінуге болатынын ескертті.

0 Пікір Кіру