«Жастар тәжірибесі» Шымкентте тиімді жүзеге асуда - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Шымкент

Шымкентте 2019 жылы "Жастар тәжірибесімен" 3087 жасты қамту жоспарланған. Алғашқы он айда 3473 жұмыссыз жас түрлі мекемелерге жолдама алып, оның ішінде 280-і тұрақты жұмысқа орналасқан. Бұл туралы Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы баяндайды. 

Думан Орынбасар "Жастар тәжірибесі" бағдарламасының қатысушысы. Ол арнаулы орта оқу орнын бітіріп, мамандығы бойынша бір жылға жуық жұмыс таппай жүрген. Осыдан бір ай бұрын Шымкент қаласы әкімдігі Халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз жас ретінде тіркеліп, оған "Шымкент лифт монтаж" мекемесіне арнайы жолдама берілген. Бұл жас маман қаладағы көпқабатты үйлердегі жеделсатыларға (лифттерге) қызмет көрсетеді. Айлық жалақысы да тұрақты.

"Мен бір жылдай жұмыс таппай жүрдім. Жұмыспен қамту орталығына барып өтінім беріп, тіркелдім. Жұмыс тез табылды. Бір айға жуық болды осы мекемеде жұмыс істеп жүргеніме. Жұмысым өзіме ұнайды" - дейді Думан Орынбасар. 

0 Пікір Кіру