
Олар тергеу абақтасына жабылды
"Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысындағы департаменті Атырау қаласының мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен Қытай Халық Республикасының екі азаматын департаменттің уәкілетті қызметкеріне 2 миллион теңге мөлшерінде пара беру кезінде ұстап, тергеу изоляторына қамады", - деп жазылған ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Пара Атырау қаласында заңсыз жұмыс істеген шетелдікке қатысты әкімшілік істі сотта оң шешу үшін берілген.
Сонымен қатар, пара беруші ҚХР азаматтарына одан әрі қамқорлық жасау үшін 200 мың теңге мөлшерінде айсайынғы ақшалай сыйақы ұсынған.
Ұсталғандар кінәсін мойындады. Тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Апталық шолу
ЕҢ ҚЫЗЫҚТЫ АЙДАРЛАРҒА ЖАЗЫЛ,ӨЗЕКТІ ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ЖІБЕРІП АЛМА.
Жалықтырмаймыз
😉